Меню KDT

logo.png?_=1675491794

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ »
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Бүгін, 17 қаңтарда мектепте ерте жүктілік пен балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша отбасы, мектеп және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.


















    Бүгін, 17 қаңтарда мектепте ерте жүктілік пен балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша отбасы, мектеп және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараға: «Тайынша аудандық білім бөлімі» КММ бастығының міндетін атқарушы Каментиков Ержан Қайратұлы, Тайынша аудандық прокуратурасының прокуроры Файзурахман Абай Абылайханұлы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Пацков Тимур Васильевич, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Бейсенбаев Қанат Тлеуғабылович Тайынша аудандық ауруханасының медбикесі Павловская Елена Александровна, ата-аналар, мектептің педагогикалық ұжымы қатысты. Іс- Шара барысында ата-аналар балаларын көшенің жағымсыз әсерінен қалай сақтау керек, үлкендердің бала тәрбиесінде қандай қателіктерге жиі жіберетіні, баламен сенімді қарым-қатынас орнату туралы құнды мәліметтер алды. Сарапшылар ата-аналарға балаларын жақсы түсінуге және оларға қажетті қолдау көрсетуге көмектесетін практикалық кеңестері мен ұсыныстарымен бөлісті. Мектептің ұстаздар қауымы да жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. ОІ жөніндегі директордың орынбасары Лепёшкина В.В. Мектеп директорының ОІ жөніндегі орынбасары Ибраева Д.Т мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту туралы айтты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абилова А.Б қорытынды аттестаттау ережесін ата-аналарға еске салды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Фальтенберг Т.Р. 2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы жетістіктерімен бөлісті. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесін мектептегі іс-шаралар призмасы арқылы мектептің педагог-психологы Медведева П.С. ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектепте жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталды. Біз бірлесе отырып, балалар арасындағы қылмысты азайтатын және балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді профилактикалық жүйені құруға тырысамыз.
    17.01.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Жукенова Корлан Мукашевна

    Полезные ссылки